07150500 — Дәнекерлеу ісі

Мамандықтың коды және атауы:  07150500- «Дәнекерлеу  ісі»

Біліктіліктің коды және атауы: 3W 07150501 «Электргазымен  дәнекерлеуші»

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

Электргазбен дәнекерлеуші жалпақ металдарды кесу және түрлі пішіндерді кесу және дәнекерлеу жұмыстарын орындайды. Ол қосылатын металдардың бөліктерін дәнекерлеу үшін дайындап, одан соң тігістерін тазартады. Көлденең, тігінен, төбесінен тігістерін дәнекерлейді. Раковиналардың жарықтарын дәнекерлеп, металл кесуді автоматты не жартылай автоматты машиналарда орындайды. Сызбаларды оқып, техникалық құжаттамалармен жұмыстанады. Қазіргі кезеңде электр және газбен дәнекерлеушіден жан – жақты білім, компьютер білімі талап етіледі. Металл құрылымдарын электрдоғалы және газдық дәнекерлеумен пісіреді. Бұл бірден бір құрметті мамандық.