07161600 — Ауылшаруашылығын механикаландыру

Мамандығы: 07161600-Ауылшаруашылығын механикаландыру

Біліктілігі:

3W07161602-Ауылшаруашылығы техникасы жөндеу шебері

3W07161603-Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

Тракторшы-машинист ауыл шаруашылығында кең таралған мамандық. Ол әр түрлі тракторларды басқарады (шынжыр табанды,дөңгелекті) Көктем-жазғы кезінде тракторшы-машинист топырақты қопсыту, дәнді себу, өсімдіктерді күту, дәнді дақылдарды жинау жұмыстарына қатысады, мал фермалары мен комплекстерге күтім жасайды.

Сонымен бірге күнделікті тракторлар мен агрегаттарды күту, ақауларын қалыпқа келтіру, слесарь-монтаждық жұмыстарды орындау және тракторды қысқа сақтауға дайындайды.

Ауыл шаруашылығындағы тракторшы –машинист трактордың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Ол трактордың, аспалы агрегаттардың құрылысы мен жұмыс принципін және ақауларды қалыпқа келтіру жолдарын біледі,жолда жүру ережесін сақтайды, агрегаттармен,құрылғылармен жұмыс жасай алады.