Мамандықтың коды және атауы: 06120100 – «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
Біліктіліктің коды және атауы: 3W 06120101— «Компьютерлік ақпараттық қамтамасыз ету операторы»
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Бағдарламалық қамтамасыз етуші – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.
Кәсіби қызмет объектісі:
Бағдарламалық қамтамасыз етудің технологиялық әдістері, тестілеу, жүзеге асыру және бағдарламаны сүйемелдеу.
Кәсіби қызмет түрлері:
Компьютердің көмегімен алдыға қойған тапсырмалардың шешімін табу үшін математикалық үлгілер мен алгоритмдерді талдау негізінде бағдарлама әзірлеу, тестілеу, жүктеу.
Кәсіби қызметінің функциялары:
-Бағдарламалау тілдерін нақты білу;
-Әртүрлі опперациялық жүйелерді меңгеру;
-Бағдарламалау құралдары мен бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;
-Мәліметтер қоры мен басты технологиялар туралы түсініктің қалыптасуы (SQL, DB2, PL/SQL);
-Бағдарламалық қамтамасыз етудің конфигурациясы мен құралдарын дұрыс таңдай білу;
-Құжаттармен жұмыс жасау үшін техникалық ағылшын тілін меңгеру;




