Басты бет

Алғы сөз        

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі – ауданымыздағы кәсіптік білім беруге өзіндік үлесін қосып келе жатқан кәсіби маман даярлауда тәжірибесі мол оқу орнының бірі.  Оқу орны 1977 жылы жас ұрпақты кәсіптік салаға бейімдеу мақсатында ашылды. Алғашында кең салалы тракторшы-машинист, автокраншы, құрылысшы, темір пісіруші мамандықтарын дайындаған  оқу орны, бүгінде кәсіби және техникалық қызмет көрсететін  мамандарды «Ферма шаруашылығы», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электромонтер»  мамандықтары бойынша дайындауда. Колледжде бүгінгі күнде 172 студент білім  алуда. Оқу материалдық-техникалық базамыз қалыптастырылған.  18 оқу кабинеті, 4 зертханалық бөлме, арнайы пәндерге арналған 2 шеберхана, 3 компьютерлік сыныпта 58 компьютер интернет желісіне қосылған, 3 интербелсенді тақта, 3 проектор, 2 автотренажер, 3 жеңіл оқыту көлігі, 1  Газель автокөлігі, 2 МТЗ-82 маркалы трактор, 1 шағын трактор, «Енисей» астық комбайны, сүрлем дайындауға арналған КСК-100, КСС-2,6 комбайны, автомобиль, трактор, техника қауіпсіздігі, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету кабинеттері құрал-жабдықтармен және заманауи үлгідегі стендтермен жабдықталған. «В» және «ВС» категориялы автокөлік жүргізушісі, трактор жүргізушісі мамандарын дайындауға арналған  автодром, трактородром алаңдары талапқа сай жабдықталған. Сонымен қатар мәжіліс залы, оқу залы бар кітапхана, асхана, медпунт, спортзал студенттерге қызмет көрсетеді.  Осы уақытқа  дейін колледжімізде 7000-ға жуық маман даярланды.  Колледж ұжымының міндеті – сын тұрғысынан және жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, бәсекеге қабілетті, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуде  қолайлы білім кеңістігін жасау болып табылады.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.