Кітапхана

Кітапханашы

Қуанышбай Алтынай Қуанышбайқызы

  • Штат бойынша  кітапханашы — 1
  • Білімі : орта
  • Кітапхана жұмысының жалпы өтілі – 3 жыл.

Кітапхананың құрылымы

Кітапхана  абонемент, оқу залы, кітап қоймасынан тұрады.

  • Кітапхананың жалпы ауданы – 78 кв.м.
  • Оның ішінде:
  • Кітап қоймасы  — 15 кв.м
  • Абонемент – 15 кв.м
  • Оқу залы – 48 кв.м.
  • Кітапханадағы  орын саны – 30

 

Кітапхана жұмысы тәжірибесінің сипаттамасы

Кітапхана қызметінің мақсаты мен міндеттері:

  1. Жаңа оқу жылында  «Қазақстан — 2050»  бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы жұмыстарды жалғастыру. Елбасының қойған міндеттерін орындау мақсатындағы атқарылған іс-шараларға ат салысу. Президентіміздің кезекті Қазақстан халқына Жолдауын оқырмандар арасында  насихаттау.
  2. Жас ұрпаққа үлкендерді сыйлауға, соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеуге көмектесу. Азаматтық, патриоттық дамыған үлгідегі жеке тұлға қалыптасуына ықпал ету. Білім алушылардың туған жер тарихын білуіне, үйренуіне атсалысу. Терең және жан-жақты білім алуына, еңбектенуге, кәсіби шеберліктерін шыңдауға көмектесу.
  3. Қазақстан Республикасы жарлығымен бекітілген әрбір атаулы күндерді, мерейтойларды – дөңгелек үстелдер, әдеби кештер мен оқырмандар конференциясы арқылы тансытыру. «Ақпарат күндері» арқылы келіп түскен кітаптар және  оқулықтармен таныстыру. Ақпараттық шолулар арқылы әлемдік және ұлттық әдебиет байлықтарымен таныстыру арқылы білім алушылардың Қазақстан халықтарының мәдениеті мен байлығы туралы түсініктерін қалыптастыру, ұлтаралық бірлік пен татулықты сақтау, еліміздің тарихи байлықтарын, барша халықтардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге атсалысу.

 

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым  Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының кітапханаларын 2021-2025 жылға дейін перспективалық дамытудың Кешенді жоспарын және «Оқуға құштар колледж » жобасын жүзеге асыруда.Тұжырымдаманың мақсаты-колледждерде оқырмандарды кітапханаға тарту,оқырмандар белсенділігін және білім алушылар оқуының сапасын арттыруға,олардың зияткерлік және рухани дамуына, оқырмандық құзыретінің дамуына септігін тигізетін қолайлы орта құру. Жоғары оқу мәдениетін сіңіру,оқырман сауаттылығын дамыту білім берудің барлық деңгейлерінде-мектепте,колледжде,ЖОО-да білім беру процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс.

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі  кітапханасының  қызметі туралы ақпараттық анықтама

Кітапхана — кітап, баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, кітаптарды пайдалану ісін ұйымдастыратын және оқырманға насихаттайтын хабарлама-ақпараттық-библиографиялық жұмыстармен шұғылданатын ғылыми-көпшілік орын ған емес, оқырманның білім негіздерін сапалы меңгеруде, жан-жақты шығармалармен таныстыруда атқаратын үлкен маңызы бар білім ордасы. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана екені ежелден белгілі. Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі кітапханасы оқу орны құрылғаннан бері жұмыс жасайды. Бүгінгі күнде кітапхана колледж студенттері мен оқытушыларға қызмет көрсетеді. Кітапхана ақпараттық – библиографиялық жұмыстарды атқаруымен қатар, колледждің рухани-мәдени орталығы болып саналады. Кітапхана жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050»  стратегиялық бағдарламасын басшылыққа  ала отырып, жас ұрпақ зердесіне ұлтқа тән рухани құндылығымызды ұялататын халықтық тәрбие тағылымдарын, салауатты өмір салтын, тілі мен дінінің, тарихы мен дүние танымдылығын насихаттай отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу, жастарымыздың ой-санасымен талғам-таразысының жан-жақты дамуына әсер ететін дүние жүзінде болып жатқан саяси жаңалықтармен үнемі хабардар ету. Осындай мақсаттарды алға қойған колледж кітапханасының оқу жылына арналып жылдық жұмыс жоспары жасалынып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылады..

Кітапхана жұмысының негізгі бағытының бірі оқырмандарға қызмет көрсету және қорды жинақтау. Бағыт бойынша қыркүйек айында оқуға жаңа:

1

Қабылданған студенттерді кітапхана қағидасымен, кітапхана ережесімен таныстырылады. Кітапханаға оқырман ретінде тіркеп, кітапханамен жұмыс жасау ережелері түсіндіріледі. Жаңа оқу жылында оқырмандарды қайта тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Кітап қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру мақсатында оқу әдебиеттеріне тапсырыс беріліп, жаңа келген әдебиеттер мүліктік кітапқа түсіріліп, тіркеу нөмірі беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа келген кітаптар, оқулықтар бөлімдерге бөліп орналастырылады. Тақырыптық картотекалар, арнайы тақырыптық папкаларды жаңа материалдармен толықтырылу жұмыстары жүргізіледі.  Мерзімді  басылымдар қорды толықтырудың  көзі болғандықтан, мерзімді басылымдарға жазылу жүргізіледі. Әрбір кітапхананың негізі кітап қоры. Колледж кітапханасының жалпы кітап қоры 11980 дана  әдебиетті құрайды. Онда оқулықтар, оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттер қамтылған. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына қойылатын талап, студенттерді оқулықтармен және электронды басылымдармен қамтамасыз ету болып табылса, бүгінгі күнде кітапхана қоры жаңа шыққан мемлекеттік тілдегі оқу әдебиеттерімен және электронды оқулықтармен толықтырылуда. Электронды оқулықтар пәндер бойынша сыныптарына байланысты  алынғандықтан, әр оқытушы сабаққа пайдалана алады. Ақпарат – библиография және көпшілік жұмыс бағыты бойынша да жұмыстар атқарылуда. Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеуге үлес қосу  кітапхананың еншісінде. Осыған орай оқу жылы барысында кітапханада мынадай көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді: 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне байланысты  «Айбары асқақ Ата Заң»тақырыбында көрме ұйымдастырылып, студенттермен әңгіме өткізілді.

2

21 қыркүйек Тілдер мерекесі күніне байланысты,  «Қуатым – ана тілім» тақырыбында тақырыптық сөре ұйымдастырылып, 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты, кітапханада «Менің Президентім» тақырыбында  танымдық сағат өткізілді.  Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің 25 жыл ішінле алған асулары мен бағындырған шыңдары туралы кеңінен мәлімет беретін «Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Тәуелсіздік – біздің бағымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді «Тәуелсіздік туымыз», «Қазақстан — елім менің» тақырыптарында  баспасөз беттеріндегі материалдар жинақталып арнайы бұрыш дайындалды. 12  қаңтар мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Алаш жұртының ардақтысы — Қонаев» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар Д.А.Қонаевтың еліміздің өркендеуіне қосқан еңбектері туралы толыққанды мағлұмат алып, көрмені қызығушылықпен тамашалады. 9 ақпан қазақтың  ақиық ақыны М.Мақатаевтың туған күніне байланысты, «Мұқағали мұрасы – сөз маржаны» тақырыбында колледжішілік Мұқағали оқулары өткізілді.  Кітапханада көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы, оқырмандар ортасында әдебиеттерді насихаттаудың белсенді түрі. Кітапхананың анықтама-библиографиялық жұмысы. Осы  бағыт бойынша Республикалық, облыстық  баспасөз беттеріне шыққан білім саласы туралы мақалалар, әдістемелік материалдар, құқықтық нормативтік актілер жинақталып, жүйеленіп оқытушыларға, студенттерге ұсынылады. Ақпарат алудың негізгі бір көзі баспасөз құралдары – газет-журналдар болғандықтан, кітапханаға жаздырып алынған «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы – справочник руководителя образовательного учреждения», «Техникалық және кәсіптік білім – техническое и профессиональное образование», «Қазақстан кәсіпкері», «Ел-Назар», «Білімді ел – образованная страна», «Ұстаз әдістемесі», «Мұғалім мінбері» сияқты басылымдар

3

Оқытушыларымыздың күнделікті пайдаланатын құралдарына айналған. Жаңа келген әдебиеттерге шолу жасалынып, оқулықтар туралы хабарлама беріліп, көрмелер ұйымдастырылады. Болашақ маманның қазіргі заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына да кітапхана жұмысының тигізер көмегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар әрбір жастың өз елінің тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын тануына да тигізер септігі көп. Осы мақсатта: «Мәдени мұра – асыл қазына», «Бақ дарыған Балқаш өңірі», «Халқымыздың асыл мұралары», «Жер-су атауы — тарихтық терең қойнауы», «Мәдени мұра-мәңгілік мирас», «Мамандығым-мақтанышым» тақырыптарында көрмелер ұйымдастырылып, әдістемелік бұрыш тұрақты жұмыс жасайды. Колледж оқытушылары мен  студенттері арасында кітапханамен тығыз байланыс орнаған. Сабаққа қолданылатын ғылыми оқулықтар,  әдістемелік журналдар мен оқу-әдістемелік  әдебиеттер топ сағаттарына, баяндамалар жазуына, педагогикалық оқуларға, өз білімдерін көтеруге, апталықтар ұйымдастырып, мерекелік шаралар өткізуіне және студенттердің реферат, курстың, дипломдық жұмыстарына көмек ретінде әдістемелік бұрыш жасақталған. Студенттердің дипломдық, курстық жұмыстарын орындауға арналған ұсынба әдебиеттер тізімі жасалынып ұсынылады. Жыл бойы кітапханаға келген әр студенттің  кітап оқуға қызығушылығын анықтайтын жекелей жұмыстар жүргізіледі.

Это слайд-шоу требует JavaScript.