АШЫҚ САБАҚ ФЕСТИВАЛІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗІЛДІ

2018 жылдың сәуір айында «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ  және «Әдістемелік кабинеті» МКҚК, Талдықорған сервис және технология, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждерінің ұжымдары  «білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау, мадақтау» мақсатында  техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  инженер-педагогтары арасында «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші»  тақырыбында  облыстық үздік сабақтар фестивалі ұйымдастырды. Үздік сабақ  фестивалі Талдықорған сервис және технология, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждерінің базасында өткізілді.  Фестивальге 28 колледжден  жалпы пән, арнайы пән және өндірістік оқыту шеберлері  қатысты. Осы аталған байқауға біздің колледжден наурыз айында колледжішілік «Үздік педагог-2018» байқауының бас жүлде иегері атанған  химия және биология пәнінің  оқытушысы  Дауренбекова Айгерим Алтынбековна қатыскан болатын.

 «Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар» тақырыбында Талдықорған сервис және технология колледжінің 1 курс студенттеріне биология пәнінен ашық сабақ өткізді. Аталмыш колледждің студенттері өткізілген ашық сабақ бойынша өздерінің білімдерін көрсетіп, белсене ат салысты және де заманауи оқыту әдістемелік құралдарымен тиімді жұмыс жасай алатындықтарын паш етті. Байқауға қатысушы оқытушылар  өздерінің  сабақ беру  әдіс-тәсілдерімен, оқытудың жаңа әдістерінің  қолданылуымен  тәжірибе бөлісті. Педагогтар өз әріптестерінің қатысуларына қызығушылықпен қарап, ойларын бөлісті. Жұмыста пайдаланатын жаңа ақпараттық технологиялар, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, модульдік оқытуда CLIL әдістемесін қолдану практикада оқу үлгерімінің сапасын арттыруда оң нәтижесін берді. Өзінің сабақ беру шеберлігін көрсете біліп, оқытушымыз А.А.Дауренбекова үздік сабақ фестивалінің III дәрежелі дипломымен марапатталды.

   

Оқытушылардың кәсіби шеберліктерін арттыру фестивальдің мақсаты болып табылады. Фестиваль бағдарламасы мазмұнды, ал іс-шараны ұйымдастыруы жоғары деңгейде өтті.

Бақанас аграрлы – индустриалдық

колледжінің әдіскері

Демеукулова Гаухар Муратовна

 

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.