«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ-КІШІГЕ ІЗЕТ»

«Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжінде Қарттар күніне  арналған «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты апталықтың  іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілді.   Бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша апталықтың бірінші күні  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты  мерекелік кездесу кеші өтті.  Тәрбиелік маңызы зор шараға колледжіміздің ардагерлері  М.Куршалиев, К.Курмангалиев, Б.Елюбаев, Ф.Сағындықова,

Э. Курмангалиева, Қ. Наушаев,  Д. Райымбеков,  З. Сембаева, К.Балабекова, М.Серикова, А.Сембинова, К.Тұрысбекова, Т.Абдрахманова, А. Абилдаева, Г.Сыздыкова, Т.Жакупова, Ж.Карнеева, К.Берсугурова қатысты.  Кеш шымылдығы колледж  директоры Бақытжан Нұртайұлының  мерекеге орай құттықтау лебізімен ашылды және колледж студенттерінің қарттарға арналған концерттік бағдарламасы тарту етілді.  

Кеш қонақтарының назарына «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты слайд шолу мен «Қарттар тарих, қазына, ел қазығы» атты бейнешолу ұсынылып, қарттардың құрметіне мерекелік дастархан  ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді. Колледжде жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан Микоян аға, Фарида апайымыз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты апталықтың жоспары бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу,   студенттер арасында «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» тақырыбында эсселер жазылды, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында топтар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.  «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясы аясында «Болашақ»  еріктілер жасағы «1-қазан –қарттар күні” мерекесіне орай  ауылдағы  еңбек  ардагерлерінің шаңырағына барып, қолғабыс жасады.

 

 

 

 

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.