«Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы-2018» облыстық байқауы

 Қыркүйек айының 28 күні Алматы облысы әкімдігінің және облыстық білім басқармасының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық білім беру  қызметінің үздік тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында Техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы-2018» облыстық байқауы өткізілді.

Бұл байқаудың мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің  орнықты дамуы үшін сапалы білімнің  қолжетімділігін қамтамасыз ете білетін үздік колледждерді анықтау, қолдау және мадақтау.Байқауға облысымыздың әр ауданынан  келген 10 оқу орны қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің презентациясы, екінші кезеңде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында кәсіптік білім беру орындарының оқу-тәрбие үрдісінің моделін қорғау. Аталған екі кезеңде біздің колледж өз білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білді. Бірінші кезең бойынша колледжіміздің тыныс-тіршілігімен  мен жетістіктерін көрермендерге кең көлемде таныстырып өтті . Екінші кезеңде колледж моделі ретінде Елордасы Астанамыздың символы  Бәйтеректі алып, оның сегіз қанатын сегіз бағыт бойынша оқу-тәрбие үрдісіне негіздеп, жасап көрсетті.  Жалпы байқаудың екі кезеңінде де өз колледжіміздің абыройын асқақтатып жоғары деңгейде көрсетіп , нәтижесінде жүлделі үшінші  орынға ие болды . Бұл біздің колледж үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындырып, талай асулардан асамыз деген сенімдеміз. Жеңісіміз құтты болсын!

 Алматы облысы, Балқаш ауданы

 Бақанас аграрлы – индустриалдық

колледжінің  әдіскері

Демеуқұлова Гаухар Мұратқызы

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.