Жолдау-өрлеу өзегі

2018 жылы 8 қазанда 5Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде   Қазақстан Республикасының Президенті — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті. Жолдауды талқылауға жиналғандар Елбасы Жолдауының Балқаш ауданының 90 жылдық мерейтойы мен ұстаздар күні мерекесіне  сәйкес келуін ерекше ықыласпен қабылдады. Жиналысқа колледж оқытушылары мен  мен студенттері қатысты.

Жиналысты ашқан колледж директоры  Б.Н Өксікбаев  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының өзекті мәселелеріне тоқталып, Елбасының негізгі бастамаларына сәйкес білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне, мектепке дейінгі білім беру сапасын жоғарылатуға, білім беру ісінде 4К моделінен туындайтын креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылатындығын айтты.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Сланбекова Елбасының «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет» деген бастамасы мұғалімдер үшін үлкен серпіліс болғанын айтып, баяндама жасады. Біз педагогикалық білім беру мекемесі болғандықтан, бұл мәселе бізге тікелей байланысты. Қазіргі кезде білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуы аса маңызды. Оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы; оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу; Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату — жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі болып табылады.

Президенттің халыққа арнаған әрбір жаңа Жолдауы мемлекетіміздің табысты дамуының анықтаушы векторы, еліміздің стратегиялық маңызды құжаты.

Қазіргі кезеңдегі білім беру саласында бірқатар жаңа міндеттер анықталды, оған байланысты Жолдауда келесі өзекті мәселелер қарастырылған:
— 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу;

  • мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту;

  • орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аудару;

  • жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейту.

            Біз Президенттің  Жолдауында жүктелген стратегиялық міндеттерді, әсіресе педагогикалық салаға берген тапсырмаларды, жас ұрпақ игілігі үшін және Отанымыздың табысты дамуы үшін дер кезінде жүзеге асыруға шақырамыз.
Президенттің Жолдауын талқылауға қатысқан студенттердің қатарынан 1504000-«Ферма шаруашылығы» мамандығының бірінші  курс студенті Есімбек Оразалы  және 0508000 -«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының үшінші курс студенті Николаева Айда сөз сөйледі.

 

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.