«Рухани келісім-татулықтың бастауы»

2018 жылы 18 қазанда «Білім» БПҰ-да «18-қазан — Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім-татулықтың бастауы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Шараға Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжінің студенттері және Қазақстан Республикасы Журналистер және жазушылар одағының мүшесі Зарыққан Әбілқасымұлы, Ақдала ауылының имамы Болат Есімбекұлы, тарих пәнінің оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Рухани келісім күні – тұрақтылықтың іргетасы», «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыптарын тереңірек ашып, еліміздегі рухани келісімді одан ары нығайту жолдарын талқылады.

Қазақстан Республикасы Журналистер және жазушылар одағының мүшесі Зарыққан Әбілқасымұлы бейбітшілік бар жерде береке жүретінін, жақсылық, ізгілік, мейірімділік сынды ізгі қасиеттерді ұлықтауымыз қажеттігін айтса, Ақдала ауылының имамы Болат Есімбекұлы  рухани ізгіліктерді қадір тұтқан біздің елде өзара келісімнің негізі қалыптасқанын айта келе, жастардың діни сауаттылығына назар аудару керектігін атап өтті.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.