«Ұстаздар, бар жақсылық Сіздер үшін!»

2018 жылы 5 қазан күні ұлы мамандық иелеріне арнап «Ұстаздар, бар жақсылық Сіздер үшін!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне арналған мерекелік  шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет  көрсету. Топ шеберлері Разия Сулейменова мен  Бакыт  Шамыгулованың ұйымдастыруымен ұстаздар мейрамына арналған шараға 32, 23 ,11 топ студенттері қатысты.

Мерекелік кешке колледж оқытушылары мен колледж әкімшілігі түгелдей қатысты. 32 топ студенттері Даулетқалиева Д, Николаева А, Мұхамет Ш, Рахымжан А ұстаздарға деген жылы лебіздерін өлең шумақтарымен арнады. 32 топтың қыздарынан құрылған «Жұлдыз-ай» би тобының орындауында «қазақ» биін тамашалады. «Ұстаздарға мың алғыс!», «Ұстаз жолы ұлылық», «Ұстазым, менің ұстазым»  тақырыбында әр топ қабырға газеттерін шығарды. 32 топ студенті Төлеген Санжар, 11 топ студенттері Васильев Виктор, Қыдырбай Досымжандар ұстаздарға арнап арнау оқыды.

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.