«Білім» БПҰ-да жастардың бойында үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету, патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында 1 қазан күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Тастанбеков Мейрам Тасболатұлының ұйымдастыруымен студенттерден құрылған «Болашақ» ерікті жасағы «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ауылымыздың еңбек ардагерлеріне «Қарттар мерекесіне» орай Демеукулов Жеңіс ата және Молдабаева Райхан апаның үйіне барып бақшаларын тазалап, отынын жарып, үй шаруасына көмектесіп, алғыс баталарын алып қайтты.



