Қазан айынының 18 күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Тастанбеков Мейрам Тасболатұлының ұйымдастыруымен «Ұлы дала әскері-мәңгілік ел тірегі» атты топтар арасында әскери патриоттық және спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа барлық топтар қатысты. Шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жарыстың ережесі бойынша бірінші Газтұмылдырық кию,АК-74 оқулық қаруын бөлшектеу және жинау,кермеге тартылу,гір көтеру (16 кг),пневматикалық винтовкадан ату,эстафета және арқан тартыс ойындары өткізілді. Жарыс тартысты өтіп қорытынды бойынша 33 топ 43 ұпаймен 1 орын,23 топ 35 ұпаймен 2 орын, 32 топ 25 ұпаймен 3 орынға табан тіреді,қалған топтар белсенділік танытқаны үшін түрлі номинациямен марапатталды.





