«Жастарға даңғыл жол салған Жолдау»

Жас –ұрпаққа Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру мақсатында 07.11.2018 жылы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жастарға даңғыл жол салған Жолдау » атты  дөңгелек үстел  Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттері арасында өткізілді.

Дөңгелек үстелге колледждің  тәлімгерлері,директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Сланбекова ,орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Ормышова, кітапханашы Қ.Берсүгірова мен мекеме-ұйым қызметкерлері қатысты.

Жолдауда отбасы мен жастар мәселесі, табыс табу деңгейі, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, сот және құқық қорғау жүйелерін жаң­ғырту, ауыл шаруашылығы мен экология сияқты өзекті мәселелер қозғалғаны туралы кітапханашы С.Абылдаева айтып өтті.

Сөз алған директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сланбекова К.Б. Жолдауды оқып отырсақ, онда негізінен цирфландыруға, жаңа технологияларға ерекше мән берілгенін байқаймыз. Президент те маңызды мәселелерді IT технология, жаңа мүмкіндіктер арқылы шешуді тапсырады деді.  
Қ.Берсүгірова өз сөзінде  қай заманда да, жастар қоғам белсендісі болғаны белгілі. Себебі, олар еліміздің ертеңі, болашағымыздың жарқын бейнесі. Сол жастардың бойындағы ерік-жігер арқылы, біз еліміздің қандай боларын нық сеніммен айта аламыз , 2019 жыл жастар жылы деп Елбасы айтқандай  жастарды қоғам назарынан тыс қалдырмау керек деп ойлаймын деді.

Жолдауға байланысты студенттерөздерінің  ой-пікірлерімен бөлісе отырып, көптеген мәліметтер алып, Елбасының Жолдауын қолдайтындарын білдірді.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.