«Жастар-мәңгілік ел болашағы»

Қараша айының 12  күні топтар арасында  «Жастар-мәңгілік ел болашағы» атты  көңілді тапқырлар клубының сайысы өтті. 

Сайыстың мақсаты: жастарды  жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық  деңгейін көтеру болып табылады.

Міндеттері:

-жасөспірімдердің бастамаларын дамыту;

-жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру;

-колледжде көңілділер  мен тапқырлар  клубы қозғалысын, КТК лигасын құру және дамыту;

-КТК ойынын жасөспірімдер шығармашылығының бір саласы ретінде насихаттау;

-КТК колледж лигасы командалары арасында шығармашылық және достық қарым-қатынасты күшейту;

-дарынды жас өспірімдерді іздеу;

-балалар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру.

Сайысқа  8 топтан 8 команда қатысты, әр команданың құрамында 6 студент болды.

Сайыс төмендегі бағдарлама бойынша өтті:

  1. Таныстыру (3 минутқа дейін) – 5 балл.
  2. Үй тапсырмасы (3 минутқа дейін) -5 балл.
  3. Бес жаңалық(3 минутқа дейін) -5 балл

Сайыста 5 балдық бағалау жүйесі болды. Сайыстың қорытындысы бойынша:

І орын-  11 топ командасы, ІІ орын-23 топ командасы, ІІІ орын-32 топ командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен және   дипломдармен марапатталады.

 

  Директордың оқу-тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары   Сланбекова К.Б.

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.