Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының 16.10.2018 жылғы №27-27\702 хаты бойынша 2018 жылдың 8 қараша күні Бақанас ауылындағы Мәдениет үйінде «Жаңа әліпби-жаңа дәуір бастауы жұмыс тобының «Қазақ емлесінің негізгі жобасы» бойынша» түсіндіру, талқылау жиналысына 173 студент және 35 оқытушы қатысты.
Жиналыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру.
Жиналыста қаралған мәселелер:
1.Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары
2.Емле ережелерін сараптау барысы туралы
3.Емле ережесі жобасының құрылымы
4.Емленің негізі
5.Жаңа емледегі жаңалықтар
6.Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі
7.Шетелдік сөздерді таңбалау




Hello mate grreat blog post
НравитсяНравится