Колледжде жазылған «Жалпыхалықтық диктант»

Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында 2018 жыл 14 қарашада сағат 11.00-де Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде  Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі  әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес  республика бойынша  жалпыхалықтық  диктантына  26 оқытушы мен 95 студент қатысты.  Нәтижесінде 26 оқытушының ішінде  23 оқытушы «өте жақсы», 3 оқытушы –«жақсы», 95 студенттің 50 студенті «өте жақсы», 23 студент –«жақсы», қалған 22студент- «қанағаттанарлық» бағамен бағаланып, жалпыхалықтық диктант қорытындысы бойынша деректер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жіберілді.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.