«Бәрі АИТВ/ЖИТС» туралы студенттермен өткізілген семинар 

Қараша айының 29 күні «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы» тақырыбында ұлттық бағдарлама концепциясы негізінде Балқаш аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі Мұңайтпас Гүлнұр мен психологі Култаева Гауһар студенттермен семинар өткізді. Семинарда салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің психологі Култаева Гауһар ЖИТС жайлы толық мағлұмат беріп, аудио-бейнероликтер көрсетті. Студенттер өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ойларымен бөлісті. Студенттер толық мағлұмат алу үшін парақшалар мен буклеттер таратылды.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.