«Мамандық –жетістік мерейі» 

2018 жыл 19 қарашада студенттер күніне арналған колледжішілік «Мамандық –жетістік мерейі» атты байқауы өткізілді. 
Шараның мақсаты студенттерді мамандықтың мазмұнымен таныстыру, колледж түлектерінің іс-тәжірибелерін насихаттау. 
Студенттердің оқу барысында алған теориялық білімдерін практикалық әрекеттер арқылы көрсете білу дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің білімдерін нығайту, кәсіби шығармашылықтарын мен іскерліктерін қалыптастыру. Шараға «Балқаш ауданы жастары» ресурстық орталығының басшысы Азимбаев Мұхтар Кенжебайұлы қатысып, белсенді студенттерді алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысының бірінші кезеңінде колледж туралы шолу мен «Мамандық –жетістік мерейі» тақырыбында топтар өз мамандықтарын презентациялады, екінші кезең концерттік бағдарламаға ұласып, жеңімпаз топтар арнайы дипломдармен марапатталып, кеш әрі қарай би кешімен жалғасты.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.