2018 жылдың 09 қараша күні Бақанас ауылдық округі әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Ж.Айбекұлы мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
К.Б.Сланбекованың ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы- жастарға өнеге» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты жастар арасында жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға кеңінен насихаттау.
Шараға Балқаш ауданының «Құрметті азаматы» Демеукулов Жеңіс ата қатысып, жастарға Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіріп, өлең- жыр шумақтарын және бата-тілектерін арнады.



