«Білім» БПҰ-да «1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне» арналған іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Мақсаты: Жас ұрпақты тұңғыш Президент еңбегімен, жетістіктерімен таныстыру арқылы патриоттыққа тәрбиелеу. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 27 қараша күні «Елбасы күні — елдікке құрмет мерекесі» тақырыбында колледж кітапханашысы К.Берсугурова көрме ұйымдастырды және топтар арасында қабырға газеттері шығарылды. 29 қарашада «Біздің Президент – ұлт көсемі» атты топтарда тәрбие сағаттары өткізілді. 28 қараша күні «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған топтар арасында қыздар және ұлдар командаларынан құралған
волейболспорттық ойынынан колледжішілік жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1 орын-33 топ, 2 орын-23 топ, 3 орын-12 топ ұлдар командасы, қыздар арасында 1 орын-22 топ, 2 орын- 32 топ, 3 орын -12 топ қыздар командалары иеленіп, дипломдармен марапатталды. 30 қараша күні «Тұңғыш Президент күні — тарихи маңызы зор мереке» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеште «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында эсселер, өлеңдер оқылып, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында Елбасының еңбектері мен жетістіктерінен слайд пен бейнематериалдар таныстырылды.








