«Жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту мен оқу үрдісіне жаңаша көзқарас»

Рухани жаңғыру «Жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту мен оқу үрдісіне жаңаша көзқарас» атты Кіші Ғылым Академиясының ХХІІІ аудандық  ғылыми-практикалық конференциясы

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 23 қарашада  Рухани жаңғыру «Жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту мен оқу үрдісіне жаңаша көзқарас» атты Кіші Ғылым Академиясының ХХІІІ аудандық  ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: Білім мен ғылымның инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру аясында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру. Оқушылар мен колледж студенттеріне тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы, құштарлығы мен қызығушылығын сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. Ғылыми жұмыс жазу барысында білім алушылардың бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру.

Кіші Ғылым Академиясының ХХІІІ аудандық  ғылыми-практикалық конференциясының  ашылу барысында колледждің өмірі туралы слайд көрсетілді, мамандықтар бойынша көрме ұйымдастырылды. Кіші Ғылым Академиясының ХХІІІ аудандық  ғылыми-практикалық конференциясына Қазақстан Республикасы Кіші Ғылыми Академиясының облыстық филиалының директоры Коробова Людмила Александровна, Қазақстан Республикасы Балқаш аудандық Кіші Ғылым Академиясы бөлімінің басшысы Ахажанова Күлғайша Ахажанқызы, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің  директоры Оксикбаев Бақытжан Нұртайұлы құттықтау сөз сөйледі. Бақанас орта мектебінің 3 сынып оқушысы Нурлыбек Көркем, Нурлыбек Еркем «Ана» әнін, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің оқушыларынан құралған вокал тобы  «Жетісу-жұмақ мекенім»  әнін орындады.

Кіші Ғылым Академиясының ХХІІІ аудандық  ғылыми-практикалық конференциясына 22 секция бойынша  66 оқушы қатысты, оның ішінде Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінен8 студент қатысты. Атап айтсақ, 3 курс студенттері Сұлтан А «Қазақстан аумағында туризмді дамыту», Николаева Аида «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі», 2 курс студенті Тілеубай Ш «Жел  энергиясы», Абдикадирова Бағила «Қазақтың  ұлттық  ойыны қазақша күрес  әдістері», Айдар Акзер «Компьютерлік ойындардың мінез-құлыққа әсері», 1 курс студенттері Васильев Виктор «Кока-коланың пайдасы мен зияны», Азамат Арсен «Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы күрделі ерекшеліктер», Есімбек Оразалы «MS ACCESS бағдарламасында кесте құру» тақырыптарында ғылыми жұмыстарын қорғап 1,2,3  орындармен марапатталып, облыстық   Кіші Ғылым Академиясының  ғылыми-практикалық конференциясына жолдама  алды.

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.