Қараша айының 8 күні аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының аға учаскелік инспекторы О.А.Садырбаева мен студенттер арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбындағы кездесу өтті. Мақсаты:Студенттердің құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарымен таныстыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Кездесу барысында студенттерге психологиялық тренинг жасалды, құқық туралы жалпы түсінік берілді. «Сенің құқығым – менің құқығым»кезеңінде студенттер өз құқығы туралы айтты. «Тығырықтан шығар жол қайсы» кезеңінде ситуациялық жағдайды шешуде көрініс көрсетіліп, жолдары қарастырылды. «Көкейде жүрген сауал» кезеңінде студенттер аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының аға учаскелік инспекторы О.А.Садырбаеваға сұрақтар қойып, сұрақтарына жауап алды.
«Ойды аяқта» кезеңінде мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінік берілді. Кездесудің қорытындысында «Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?»-деген сауал қойылып, студентер қысқа да тұжырымды ой-пікірлерін ортаға салды.

