Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Осыған орай Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің кітапханасында оқытушылар және студенттер арасында талқылау өткізілді. Жиын барысында колледж кітапханашысы К.Берсугурова Елбасының Ұлы даланың Жеті қыры мақаласын мақтанышпен атап өтіп, көпшілікке егжей-тегжейлі таныстырды. Тарихи өткенімізді тану аясында жүретін жеті жылдық «Архив-2025» бағдарламасы негізінде түрлі тарихи- археологиялық зерттеулер жүргізілгендігі және де оны тереңінен ұғындыру мақсатында түрлі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.
Түптеп келгенде Елбасы нақтылап өткен Ұлы даланың Жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңілуі, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразасына салуын көздейді. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, Ұлы даланың Жеті қыры ұлттық сананың оянуына, оның жаңа заман талаптарына сай қалыптасуына жол ашары сөзсіз. Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі жастар, яғни студенттер өткен тарихтағы өр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен сезінетінін айтты.

