Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі студенттеріне «Қыз өссе-елдің көркі» атты тақырыпта кездесу өтті. Қыздарға тәлім-тәрбие жайлы дәріс оқылды. Акушер-гинеколог Ақылбаева Гүлшарым ерте жүктілік, оның алдын алу жолдары мен денсаулыққа әсері, жұқпалы аурулардан сақтану жолдары жайлы түсінік беріп, дәріс жүргізді. СӨСҚ кабинетінің Мұңайтпас Гүлнұр «Қыз өссе-елдің көркі» атты баяндама оқып, қыздар толық мағлұматтар алу үшін, жалпы жүктілік, гигиена жайлы, жұқпалы аурулар туралы парақшалар таратты. Колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сланбекова Қарлыға қыздарға ата-бабадан қалған ұлағатты сөз «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің мағынасын түсіндіріп өтіп, ерте жүктіліктен аулақ болуын талап етіп, акушер-гинеколог Ақылбаева Гүлшарымға алғысын білдірді.

