«16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні»

     «Білім» БПҰ-да «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналып колледж кітапханасында кітапханашы К.Берсугурова «Тәуелсіздік таңы» атты көрме ұйымдастырды. Көрме барысында тәуелсіздігіміздің тарихи шежіресі түсіндіріліп, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының мазмұны туралы ақпараттар берілді.
Топтар арасында «Тәуелсіздік-біздің тұғырымыз» атты бейнероликтер байқауы, тәрбие сағаттары мен баскетбол спорттық жарысы өтті.
Тарих пәнінің оқытушысы К. Мусапированың ұйымдастырумен «Тәуелсіздік шуақ боп тұр көгімде» атты тәуелсіздік күніне орай әдеби кеш өтті.
Өткізілген шараның мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін және жетістіктерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздікті бағалай алуға тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. Шара барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолы, жылдар хронологиясы, тәуелсіздік тарихы мен жетістіктерінен үзінділер бейнеленген слайдтар, бейнефильмдер көрсетілді. «Тарихи толғаулар» слайд — терме орындалды, желтоқсан оқиғасына байланысты слайд, бейне көрініс көрсетілді, Тәуелсіз ел ұландарының тәуелсіздікке жыр шашулары оқылды, «Жылдар шеруі» 12 топ студенттерінің композициясы орындалып, патриоттық әндер орындалды.

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.