«Қазақстан Республикасының Рәміздерінің мәні»

«Білім» БПҰ-да 2018 жылдың 13 желтоқсанында студент жастар арасында Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, Мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге және өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында кітапханашы К.Берсугированың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Рәміздерінің мәні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге оқытушылар, студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде Мемлекеттік Рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран мәні туралы нақты түсініктер берілді және студенттер Мемлекеттік Рәміздер туралы қосымша қойылған сұрақтарға жауап беріп өз ойларымен бөлісті.

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.