2019 жыл 19 наурызда Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Ата-салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақ тәрбиелеу.
Байқауға өнерлі де, бойында ақындық қасиеттері бар 8 студент қатысты.
Байқаудың шарттары:
1. «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін-өзітаныстыру)
2. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерлерін көрсету)
3. «Көркіне ақылы сай» (қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша сұрақтар).
4. «Шебердің қолы ортақ» — (қолөнер бұйымдарының шеберлігі)
5. «Ақылына күші сай» (қол күресі)
Мұндай шараларды студенттер арасында көптеп өткізудің тәрбиелік мәні зор. Байқау студенттерді болашаққа бағыттап, оларды жігерлілік пен ұстамдылыққа, тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа, батылдық пен шымырлыққа тәрбиелейді.
Байқау барысында студенттер өз бойларындағы бар өнерлерін көрсете білді. Байқау барынша тартымды да, тартысты өтті. Қорытынды кезеңде әділқазылар алқасы дара шыққан студенттерді әртүрлі номинациялар бойынша және жүлделі орынға ие болғандарды марапаттады.
«Жігіт сұлтаны-2019» байқауының қорытындысы:
БАС ЖҮЛДЕ – «Ферма шаруашылығы» мамандығының І курс студенті Азамат Арсен
І орын — «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ курс студенті Нұрабділда
Ақжан
ІІ орын — «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының І курс студенті КенжебекСерік
ІІІ орын — «Ферма шаруашылығы» мамандығының І курс студенті Есімбек Оразалы
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, болашақта биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!







