«Поэзия менімен егіз бе едің?»

Ақпан айының 8 күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған «Поэзия менімен егіз бе едің?» аттыәдеби-сазды кеш өтті. Шара колледж кітапханасының үлкен залында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұртай Мөлдірдің ұйымдастыруымен өткізілді. Оған колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Каркынбаева Г.О., әдіскер Демеукулова Г.М., жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі Мейрамғали А.М. биология пәнінің оқытушысы Дәуренбекова А., физика пәнінің оқытушысы Альмуратова Г., тарих пәнінің оқытушысы Мусапирова Қ., сонымен қатар кітапханашы Берсугирова Куанкуль және колледж студенттері қатысты. Әдеби-сазды кештің шымылдығы ақын өмірбаяны туралы бейнекөрініспен басталды. Көріністе ақынның өмірі, шығармашылығы, отбасы, қызмет жасаған ортасы, жарық көрген кітаптары жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар ақынның  өмірден өткеннен кейінгі жарық көрген шығармалары да көрсетілді.

         Ақын өмірінің бір бөлшегі – өлеңдеріне жазылған әндер де шарадан тыс қалмады. Яғни, «Есіңе мені алғайсың» атты әнінің бейнебаяны көрсетілді. Оған қоса, ақынның өз дауысы тыңдалды. Аталған бағдарламалар көрермен көңілінен орын алып, ақын шығармашылығына жол тартуға ерекше әсер берді

         Колледж студенттері, яғни, 11-топ, 12-топ, 21-топ, 22-топ, 23-топ студенттері ақынның жалынды жырларын жатқа, мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Махаббат, табиғат, туған жер, қариялар, жүрек секілді тақырыптар шеңберінде көркемсөз оқылды. Сонымен қатар, студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнау өлеңдерін оқыды.

         Кештің соңғы қорытынды сөзін кітапханашы Берсугирова Куанкуль сөйлеп, ақын жайлы тың деректерді студенттерге айтып, осы кештің жақсы өтуіне атсалысқан студенттерге алғысын білдірді. Шара соңында барлық қатысушылар мен қонақтар естелік суретке түсті.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.