«Ашық  есік күні»

2019 жылы 2 сәуір күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 9 және 11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті. Бұл іс-шараға Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп, Бақанас мектеп-интернаты, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп, Ақдала орта мектебінен  160-тан астам оқушылар мен ұстаздар қатысты.

«Ашық  есік» күнін ұйымдастыру мақсаты — Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру.  Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге  колледж тарихымен, мамандықтармен, оқу-материалдық базасымен таныстырып, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді және колледждің 1-3 курсында оқып жүрген студенттер оқушыларға өздерінің мамандықтары, студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларды біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді. Оқушылар колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алып сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрді.

Барлық оқушыларға Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжіндегі мамандықтар бойынша ақпарат беретін буклеттер таратылды.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.