23 сәуір күні Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу, рухани құндылықтарды жаңғырту және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, әрбір Қазақстан азаматының рухани санасын жаңғырту, туған жеріне деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында Алматы облысы дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында студенттерімен «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Алматы облысының дін істері басқармасының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры Адетбеков Нұрлан Байқожаұлы, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бөлім басшысы дінтанушысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы мен Бабатай Айбек Серікұлы қатысты. Кездесу барысында студенттерге діни экстремизмнің зардаптары туралы бейнефильм көрсетіліп, студенттерден сауалнама алды. Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бөлім бастығы, дінтанушысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы студенттерге «Дәстүрлі емес діни топтардан сақтану жолдары» , Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бөлім бастығы, дінтанушысы Бабатай Айбек Серікұлы «Ғаламтордағы діни топтардың әрекеттері және арбау технологиясы» тақырыбында кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.









