«Ел болашағы жалынды жастар»

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 17 қазан күні «Жастар жылы» аясында Алматы облысы жастар ресурстық орталығының рухани-адамгершілік және құқықтық тәрбие беру бөлімінің басшысы Рахимбаев Мейрамбек Саятұлы мен Алматы облысы жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Дәулетбаев Ержан Жанатұлы мен Балқаш аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азимбаев Мұхтардың қатысуымен «Ел болашағы жалынды жастар» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде жастар арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, этносаралық келісімді насихаттау, жас еріктілер қозғалысын дамыту және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, яғни «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»,«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.