Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 15 қазан күні студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Балқаш АПБ-нің ЖПҚ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Н.Нұрланұлы, Балқаш аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Сқабаевтың қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Сланбекова колледжде құқықбұзушылықтың алдын алу бағыты бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат берді. Колледж студенттері жасөспірімдер арасындағы бопсалау, әлімжеттік және түнгі мезгілде ата-анасынсыз көшеге шығу туралы шағын көрініс көрсетті және «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс /бопсалау, қорқытып алу» бейнеролигі көрсетілді және Балқаш АПБ-нің ЖПҚ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Н.Нұрланұлы кәмелет жасқа толмаған студенттерге ата-анасынсыз кешкі сағат 22.00-ден бастап көшеге өз беттерімен шығуға болмайтынын және кафе-мейрамханаларда даяшылық жұмысқа шықпау керектігі ескертіліп айтылды және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы заңдарымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127, 435, 442, 448 баптарымен таныстырды. Балқаш аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Сқабаев студенттерге құқықбұзушылықтан аулақ болып, колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылу керек деп ақыл-кенестер берді.

