2019 жылдың 1 қыркүйек күні колледжде 1 қыркүйек — Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты салтанатты жиын болып өтті. Өткізілген шараның мақсаты жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, ойы ұшқыр, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талағамы биік мамандар даярлап, оларға елін сүйетін, мықты азамат етіп тәрбиелеу.
Мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Салтанатты шараны колледж директоры Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы өзінің құттықтау сөзімен ашып, колледж ұстаздары мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай келе ұжымға үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, арнайы шақырылған қонақтар,студенттердің ата-аналары да ыстық лебізін жеткізіп, білім күнімен құттықтау сөз сөйледі. «Жастар жылы» аясында колледжішілік және қоғамдық мәдени іс-шараларға белсенді қатысқан студенттер, 2 курс студенттері Мұқатай А, Сабырхан С,Васильев В, Кузембек А, Ж.Дюсембай колледж директорының Алғыс хаты және Балқаш аудандық жастар ресурстық орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды. Жаңадан қабылданған 1 курс студенттеріне «Мамандықтар әлемі» және «Мамандық таңдау» тақырыбында танымдық тәрбиелік іс-шара жүргізілді және студенттерге биылғы оқу жылында жаңа пән «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылатыны туралы таныстырылды. Барлық топтарда жалпыреспубликалық «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.





