«Экосағат» республикалық акциясы

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Экосағат» республикалық акциясы негізінде іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша 30 қыркүйек күні колледж студенттері колледж ауласындағы учаскелерге ағаш көшеттерін отырғызды. 2 қазан күні «ЭКО-сағат-Қазір баста!» ұранымен колледждің «Болашақ» еріктілер клубының мүшелері және колледж оқытушылары экологиялық сенбілікке шығып, Іле өзені жағасын қоқыстан тазартты. 3 қазан күні барлық топтарда табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында «Экология және біз», «Жер тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаны қорғау туралы бейне-роликтер және экологиялық проблемалар туралы бейнематериалдар көрсетіліп, талқыланды.
#ЭкоСағат#ЭкоСағатҚазірБаста

 

 

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.