2019 жыл 16-26 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Қауіпсіз білім ордасы» атты іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша 18 қыркүйек күні студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» тақырыбында Балқаш АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының учаскелік инспекторлары О.Садырбаева, О.Рысбек, Н.Нұрланұлы, Балқаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Г.Махметтің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуде Балқаш АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының учаскелік инспекторлары О.Садырбаева, О.Рысбек, Н.Нұрланұлы студенттерге колледжде, көшеде, үйде, есік алдында, лифтте, кіреберісте, суда, жолда, көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы және «150», «111»- балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балқаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Г.Махмет студенттерден «Өз құқығыңды білісің бе?» тақырыбында сауалнама алып, бала құқығы туралы түсіндірді.


