2019 жылы 8 қазан күні колледждегі жастар ісі жөніндегі комитеті мүшелерінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған «Ұстаздар-ұлы тұлғалар!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Мерекелік кешке колледж оқытушылары мен колледж әкімшілігі түгелдей қатысты. 11-21 топ студенттері ұстаздарға деген жылы лебіздерін, өлең шумақтарымен арнады. 32 топтың қыздарынан құрылған «Жұлдыз-ай» би тобының орындауында «қазақ» биін тамашалады. «Ұстаздарға мың алғыс!», «Ұстаз жолы ұлылық», «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбында әр топ қабырға газеттерін шығарды. 21 топ студенттері Жайлыбеков Дәулет, Васильев Виктор, Қыдырбай Досымжандар ұстаздарға арнап арнау оқып, әндерін жолдады. 21 топ студенті Есімбек Оразалы домбырамен «Әлқиса» мен «Балбырауын» күйін тарту етті.






