Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істеуге баулу, өз жұмыс-қызметіне жауапкершілікпен, адалдықпен атқарып, патриоттыққа тәрбилеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-патриотизмнің жаңа түрі» атты кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы облыстық филиалының төрағасы Ақболатов Еркебұлан Ешмұқамбетұлы мен «Жетісу адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесінің басшысы Тұрланов Рахым Жоламанұлы, Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Махмет Гұлнұр Рахыбайқызы қатысты. Кездесу барысында жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтіліп, «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі Абдикадирова Бағила «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет» тақырыбында, «Жетісу адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесінің басшысы Тұрланов Рахым Жоламанұлы «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында баяндама жасады.
Шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қонақтарға сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салып, адам белгілі бір материалдық жағдайға тәуелді болғанда, ол ар-ұят, намысты екінші орынға қояды. Егер, біз осылайша, ар-ұят, намысты екінші орынға қоятын болсақ, онда болашақта тұтас бір ұрпақты жоғалтып алуымыз мүмкін. Біз осыны түсінуіміз керек, себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетті ел құруымыз керек. Сондықтан әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жетуүшін өз мүмкіншіліктеріміз мен білімімізді тек адал жолға пайдалана білейікдеп өз ойларын қорытылады.


