Қандай қоғамда болмасын халықтың әл-ауқатын көтеретін шағын және орта кәсіпкерлік. Соны ерте түсінген адамдар біздің ауданда да әлдеқашан үкіметіміздің қолдауларына ие болып, өз кәсіптерін дөңгелетіп келеді. Қолдарында қаржысы бар, дәулетіне орай өздерінің өмір сүруіне қолайлы ахуал жасап алған кәсіпкерлер қай ортада болмасын беделді. Тек өз отбастарына ғана емес, айналасындағылардың біразына шаппағаттарын тигізіп отырған дәулеті тасыған адамдан шынында да қандай құрмет көрсетуге болса да лайықты. Өздеріне жұмыс тауып беріп, бала-шағаларын асырауға септігі тиіп отырған дәулетті кәсіпкерлерді халық та шынайы сыйлайды.
Біздің Бақанас аграрлық-индустриалдық колледжінің ұжымы да ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына барынша өз үлестерін қосуға тырысуда . Алматы облысы Кәсіпкерлік палатасының Балқаш аудандық филиалы мен тығыз байланыс орнатып, ізденіспен жұмыс істеп келеді.




Жақында Бақанас аграрлық индустриалдық колледжінде оқып жатқан бір топ оқушылар облыстық Кәсіпкерлер палатасының бір топ қызметкерлерімен кездесіп, өз ара пікір алысты.
Колледж оқушыларының деншілігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысамын деп, кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері дәріс беретін арнайы үш айлық курсте оқып, сертификаттарын алып келгендер болатын. Оларды толғандырған мәселелер көп болды. Субцидияның қалай және кімдерге берілетінінен бастап, алған кредитті қалай мақсатты жұмсауға болатынына дейін сұрады. Сіздер барсақ арнайы бағдарлама жасап бере аласыздар ма? Біздің аудан үшін бизнесті қай салада дамытқан пайдалы? деген де сұрақтар қойды.
Палата қызметкерлері мемлекетімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға өте қолайлы жағдай жасалып отырғанын, қандай қиын жағдайда да кәсіпкерлерді нақты қолдайтынын мысалдар келтіре отырып, оқушыларды сендірді. Олардың бойларына кәсіпкерлікті дамытуға деген мол сенім ұялағандай болды. Бет пе бет отырып пікір алысудың пайдасы оте зор. Колледж оқушыларының алғы күндерге деген сенімдері арта түсті.




Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкілхалыққа арнаған жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ахуал қалыптастыру керек деп баса айтқан болатын. Палата қызметкерлері де осы тұрғыда жақсы пікірлер білдірді.
Қазір біздің ауданда да шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қайтарымсыз кредиттер беріліп жатыр. Колледж оқытушылары да осындай қолайлы сәтті пайдаланып, шәкірттеріне дәріс беруде. Кездесу колледж мұғалімдеріне де жақсы әсер қалдырды.
Нұрман Мақсат Маратұлы
Бақанас агралық- индустриалдық колледжінің мұғалімі
