Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде Кіші Ғылым Академиясының аудандық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу дәстүрге айналған. Жылдағы дәстүріміз бойынша қараша айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасы Балқаш аудандық Кіші Ғылым Академиясы бөлімінің басшысы Ахажанова Күлғайша Ахажанқызының ұйытқы болуымен және де Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі ұжымының ұйымдастыруымен «Ғылым мен білімге ұмтылған жастар – келешегіміздің кемелі» атты Кіші Ғылым Академиясының ХХІV аудандық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Кіші Ғылым Академиясының ХХIV аудандық ғылыми-практикалық конференциясын ашу үшін, Қазақстан Республикасы, Балқаш аудандық Кіші Ғылым Академиясының басшысы Ахажанова Күлғайша Ахажанқызына сөз кезегі берілді. Ол өз баяндамасында 2018-2019 оқу жылында өткен КҒА конференциясының қорытындысына тоқталып өтті. Келесі құттықтау сөз, Қазақстан Республикасы, Кіші Ғылым Академиясының облыстық филиалының директоры Коробова Людмила Александровна сөз алып, осы конференцияға жетекшілік етіп жүрген Ахажанова Күлғайша Ахажанқызына, осы конференцияның өз мәнінде өтуіне ықпал жасап, ұйымдастыра білген Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің директоры Оксикбаев Бақытжан Нұртайұлына үлкен алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының, Кіші Ғылым Академиясының Құрмет Грамотасымен марапаттады. Жобаға қатысушыларға ақ тілегін білдіріп, жеңіс тіледі.


Конференцияға ауданымыздың барлық мектебінен әртүрлі пән секциялары бойынша 81 оқушылармен қатар, колледжден 8 студент қатысты. Ғылыми жұмыстар талап бойынша: өзектілік, жаңашылдық, өз ойы, ғылыми маңыздылығы мен жұмысты таныстырылуы бойынша бағаланды. Әрбір ғылыми жұмысқа түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, қойылған баллдар тиянақталып, жұмыстардың кемшіліктері мен жетістіктері ескеріліп, ғылыми жұмыстардың жетекшілерімен әңгімелесулер өткізілді. Үздік баяндамалар І және ІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталып, КҒА Облыстық конференциясына ұсынылды.

Бұл білім бәсекесінде колледж студенттері де өз білімдерін көрсетіп, жетістіктерге жете білді. «Орыс тілі» секциясы бойынша «Ферма шаруашылығы» мамандығында оқитын 2 курс студенті Азамат Арсен және 3 курс студенті Кравцова Алина «Сопоставление стихов современных поэтов, рукодствуясь стихами Абая и Пушкина» тақырыбында жазған ғылыми жобаларын қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ормышева А.А.). Сондай-ақ «биология» секциясы бойынша «Ферма шаруашылығы» мамандығында оқитын 2 курс студенті Қыдырбай Досымжан «Гендік модификацияланған организмдер өнімдерінің адам ағзасына зияны» тақырыбындағы ғылыми жұмысын өз мәнінде қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі биология және химия пәнінің оқытушысы Дауренбекова А.А.). «Экология» секциясы бойынша «Ферма шаруашылығы» мамандығында оқитын 2 курс студенті Васильев Виктор «Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары» тақырыбындағы жұмысын қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі физика және математика пәнінің оқытушысы Альмуратова Г.Б.). «Экономика» секциясы бойынша «Ферма шаруашылығы» мамандығында оқитын 3 курс студенті Артомонова Света «Оңай ақша табудың жолдары» тақырыбындағы жобасын қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі арнайы пән оқытушысы Иманбек А.Ғ.). «Информатика» секциясы бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті Қожақан Арайлым «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбындағы жобасын қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі өдірістік оқыту шебері Дауылбаев А.Қ.). «Қазақ тілі» секциясы бойынша «Ферма шаруашылығы» мамандығында оқитын 1 курс студенті Бақыт Орынбасар «Табиғат және лирика» тақырыбындағы жұмысын қорғап, II дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұртай М.Б.). «Этномәдениет» секциясы бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3 курс студенті Айдар Ақзер «Қазақ ұлттық тағамдарының құндылығы» тақырыбындағы жобасын қорғап, II дәрежелі дипломмен марапатталды ( ғылыми жетекшісі арнайы пән оқытушысы Тезекбай А.А.). «Туризм» секциясы бойынша «Ферма шаруашылығы» мамандығында оқитын 1 курс студенті Серікқазықызы Назерке «Балқаш ауданында туризм дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбындағы жұмысын қорғап, II дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Мусапирова К.М.). Конференцияға қатысқан 8 студентімізде I дәрежелі, II дәрежелі жүлделі орындарға ие болып, облыстық байқауға жолдама алды.







