1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет» мерекесі

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентікүніне» арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» атты іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша 25 қараша күні «Ұлт көшбасшысы-Елбасы» тақырыбында колледж кітапханашысы К.Берсугурова кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. «Ел бағына туған ер» және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында топтар арасында қабырға газеттері мен буклеттер шығарылды.
26 қарашада «Н.Ә.Назарбаев-Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Ер мерейі-ел мерейі» атты тақырыпта үздік эссе байқауы өтті. 27 қараша күні «Менің Елім, Менің Президентім!» атты тақырыпта студенттер арасында волейбол спорттық ойынынан колледжішілік жарыс өткізілді және «Елбасы мұраты-ел бақыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 28 қараша күні жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттерінің арасында «Елбасы ел тірегі, ел сенімі» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті.
29 қараша күні студенттерге Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру, студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында жас кәсіпкер, дәнекерлеуші, Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2019» жастар сыйлығының «Жас кәсіпкер» атты номинациясының иегері Ә.Есеншораева, Балқаш аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Сқабаев, Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Г.Махмет, Балқаш аудандық мәслихат депутаты М.Нұрманның қатысуымен «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» жалпыреспубликалық ашық сабақ аясында «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті және «Біздің Президент – ұлт көсемі», «Ұлы халықтың — Ұлы көшбасшысы», «Болашаққа Елбасымен бірге» атты тақырыпта топтарда ашық тәрбие сағаттары өтті. Студенттерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының қоры ұсынған «Өзгерістер қуаты» және «Қазақстан патриоты» деректі фильмдері көрсетілді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.