Қазан айынының 18 күні «JASTAR KZ» жобасының негізінде «Жас сарбаз» тобының жетекшісі Қ.Шұғайдың ұйымдастыруымен «Бүгінгі студент – ертеңгі сарбаз» атты әскери-патриоттық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты студенттердің алғашқы әскери дайындық пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, Отан алдындағы азаматтық қызметін адал орындауға тәрбиелеу.
Жарысқа барлық топтар қатысты. Шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, Эстафеталық жарыс, Гир көтеру, Тир ату, Биік кермеге тартылу. Жарыс нәтижесінде 1 орын – 22 топ «Қырандар» тобы, ІІ орын – 11 топ «Жігер» тобы, ІІІ орын – 21 топ «Достық» тобы иеленді.






