«Жастар және дін»

5 желтоқсан күні жастарды діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы азаматтық ұстанымдарын күшейту, отансүйгіштікке және зайырлы құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында «Алматы облысы Дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Балқаш ауданы бойынша инспекторы Әбілхами Мейрам мен тарихшы, Phd докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлының қатысуымен «Жастар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, сонымен қатар жастар жылы аясында колледждің жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өтті. «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Балқаш ауданы бойынша инспекторы Әбілхами Мейрам қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі: даму шарттары, қызығушылығы және әуестігі және «Деструктивті діни ағымдардың жастарға әсер ету қаупі» тақырыптарында сөз сөйлесе, ал тарихшы, Phd докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы «Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесі» тақырыбында жастар алдында сөз сөйледі. Шараға қатысқан жастар өз ойларымен бөлісіп, шараның маңызды және қажет екендігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.