«Сыр сүлейі, жыр дүлейі — Әбділда»

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Ұлы Дала» жобасы және Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының көрнекті шебері, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Ә.Тәжібаевтың өлеңдеріне «Сыр сүлейі, жыр дүлейі — Әбділда» атты лирика сағатын өткізді.
Мақсаты:
Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;
Туған жерді, елді сүюге, ынтымақтастыққа дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу. Ақын өлеңдеріндегі атамекен мен адамгершілік сезімдерін, жастық пен достық сырларын кеңінен насихаттау.
Шараны ашқан кітапханашы Берсугирова Куанкул Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2019 жылы Ә. Тәжібаевтың өлеңдері мен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы алынғандығын тілге тиек етті. Ә.Тәжібаев — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі екенін айтып өтті. Лирика сағатына 11,21,22 топ студенттері белсенділікпен қатысты. Студенттер өздерінің поэзияға деген құштарлықтарын таныта білді. Шараға қатысқандардың арасынан 21 топ студенті Васильев Виктор «Сырдария» өлеңімен ашып, ары қарай Қыдырбай Досымжан, Күзембек Ақарыс, Азамат Арсен, Есімбек Оразалы ақынның кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысынан туған өлеңдерін жатқа айтса, 22 топ студенттері Кенжебек Серік, Асқарқызы Гүлдана, Жанболатқызы Айжан Ә.Тәжібаевтың «Абыл» поэмасынан үзінді оқып тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. 11 топ студенттері Серікқазықызы Назерке, Нұрланқызы Айымкүл, Аралбекқызы Әсел, Аянұлы Айбын ақынның туған жер, Отан туралы өлеңдерін, сатира саласында жазған еңбектерін нақышына келтіріп оқыды. Ақынның асыл сөзімен өрнектелген әсем әндері тыңдалып, оқырмандардың жүрегіне ыстық сезім ұялатты. Шара барысында студенттер ақынның шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырларын оқыды, 21 топ студенттері Жайлыбек Даулет әуелете ән шырқаса, Есімбек Оразалы домбырадан тамылжыта күй орындап тыңдаушыларын ерекше семізге бөледі. Әбділдаға арналған жазушы-ақындардың жылы лебіздері айтылды. Сонымен қатар студенттерге ақын туралы слайд көрсетіліп және өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндайтын бейнебаянмен таныстырылды. Шара соңында оқушылар «Сырда туған сұңқар ақын» атты кітап көрмесімен танысып, тамашалады. Кешті ұйымдастырған кітапханашы — Берсугирова Куанкул. Лирика сағатын колледж директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Сланбекова Қарлыға Боранқұлқызы қорытындылап атсалысып қатысқан студенттерге алғысын білдірді.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.