Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «9желтоқсан — Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселесіне назар аудару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты бол!» тақырыбында акция өтті. Акция аясында «Сыбайлас жемқорлық қоғам қасіреті» атты бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте сыбайлас жемқорлықтың салдарынан қандай әрекеттер болатыны көрсетіліп, әрқашан адалдық, парасаттылық қасиеттерді сақтау әр бір адамзаттың міндеті екені айтылды.
«Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында топтар арасында үнпарақтар конкурсы өтті. Конкурс нәтижесінде бірінші орын 31топ, екінші орын-11 топ, үшінші орынды 40 топ студенттері иеленді. Өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, сыбайлас-жемқорлықпен күресу мақсатында «Адалдық сағаты» атты біріңғай ашық сабақ өтті. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.




