Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің акт залында жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, ерте жүктіліктің салдары туралы түсінік беру, қыздарды инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Арыңды сақта, бойжеткен» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы М.Нургазиева, Балқаш аудандық орталық аурухананың гинеколог-дәрігері А.Е.Кукеева, колледж медбикесі Ж.Кулынбаева және топ жетекшілері қатысты. Жиналыс барысында Балқаш аудандық орталық аурухананың гинеколог-дәрігері А.Е.Кукеева өз баяндамасында ерте жүктіліктің алдын алу, ерте жыныстық қатынас пен ерте жүктіліктің салдары мен зардаптары және қыз бала тәрбиесі мен гигиенасына қатысты бірнеше ақпараттар беріп өтті. Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы М.Нургазиева отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің маңыздылығын айтып ақыл- кеңестер берді. Жиналыс соңында жасөспірім қыздардың жастық желікпен қателіктерге бой алдырмау мақсатында «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз тәрбиесі» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, қыз тәрбиесі мен денсаулығына қатысты бірнеше ақпарат-кеңестер берілді.


