Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде студенттерге мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру және жастарымыздың өзге жат ағымдардың жетегінде кетуінің алдын алу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, діни сауаттылығын арттыру мақсатында 1 курс 11 топ студенттерімен «Дін-халықтың зердесі» тақырыбында «Оспан қожа» мешітінің бас имамы Амидулла Абдуалиұлы, Балқаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Иса Ерқанаттың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Оспан қожа» мешітінің бас-имамы Амидулла Абдуалиұлы, «Ислам дінінің бірлігі мен ынтымағы және қоғамдағы діни ахуал, діннің қоғамға ықпалы жайлы» баяндамасында жалпы елімізде кездесетін теріс діни ағымдар мен олардың алдын алу, сақтану жолдары мен студент жастарына үлкенді сыйлау, құрметтеу және ізеттілік таныту жөнінде толығырақ баяндады.
Балқаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Иса Ерқанат «Діни экстремизм, терроризм және сепаратизмдік идеялардың таралуына қарсы әрекет және оның алдын алу мәселелері жөнінде» түсіндіріп берді. Баяндалған түсіндірме жұмыстары бойынша студент жастармен «Ислам дінндегі 4 парыз», «Діни ұйымға алданып кірген адамның одан шығу жолдары» туралы сұрақтар қойылып, оларға түсіндірме жауаптары берілді. Кездесу соңында колледж директоры Б.Оксикбаев қонақтарға алғысын білдірді.


