Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде 2020 жыл 26 қазан күні студенттерге коронавирус туралы толық ақпарат беру және жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру мақсатында колледж медбикесі Ж.Құлынбаева және «Балқаш аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі Ғабит мадира Ғабитқызының қатысуымен «Сіз білуіңіз қажет!» СOVID-2019» коронавирусынан сақтану шаралары» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында «Балқаш аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі Ғабит мадира Ғабитқызы «Коронавирус қауіпті ауру» тақырыбында баяндама оқып, сұрақ-жауап әдісі арқылы студенттеге «Коронавирус деген не? Коронавирустың өршуі қалай басталды? Коронавирус басталғанда адамның қай жері ауырады? Коронавирус қалай жұғады?» деген сұрақтар қойып, студенттердің жауаптарын тыңдап, «Коронавирустан сақтану жолдары» атты бейнеролик көрсетіліп, вирустан сақтану ережелері туралы ақпараттар берілді.



