2020 жыл «5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына «Ұлы даланың – ұлық тұлғасы» тақырыбында топтар арасында эсселер жазылды. Үздік эссе жазған студенттер арнайы дипломдармен марапатталды. Топтар арасында Қазақ тілі – ғажап тіл!» атты бейнероликтер, челледждер жасалып, Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған қабырға газеттерін 12, 21 топтар шығарды. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 31, 12 топтар арасында «Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбында дебат өтті. Барлық топтарда «Тіл — ұлттық қазына» атты тәрбие сағаттары өтті.




