Отбасы құндылықтары және қоғамдық жаңғыру

Бақанас аграрлы-ндустриалдық колледжінде 11 қараша  күні  студенттерге отбасындағы тәрбие құндылығын түсіндіріп, ата-ананың қадірін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу, жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу мақсатында  «Отбасы құндылықтары және  қоғамдық жаңғыру» атты  дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге Балқаш  аудандық «Ақжүніс» әжелер ансамблінің әжелері З.Надирбекова, К.Байтанаева, Ж.Шарипова және колледж студенттері  қатысты. Дөңгелек  үстел барысында  «Отбасы құндылықтары»  атты бейнематериал көрсетіліп, «Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері», «Отбасы құндылықтары» тақырыбында студентер баяндамалар оқып, талқыланды.«Ақжүніс» әжелер ансамблінің әжелері З.Надирбекова, К.Байтанаева,Ж.Шариповастуденттерге  отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесінің  бала тәрбиесіндегі алатын орны, ата-ананы құрметтеу, қыз бала мен ұл бала тәрбиесі,жасөспірімдердің теріс әдеттен аулақ болу туралы, отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен ролі, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы,  даму деңгейі осы отбасынан басталатыны туралы  көптеген кеңестер мен мағлұматтар  айтылды.

Оставьте комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.